Allur — автомобиль компанияларының тобы, ол автокөліктерді, құрамдас бөлшектер мен қосалқы бөлшектерді өндіру және сатумен, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Құрылған күні: 2003 жылғы 15 сәуір.
Компания туралы
Allur — Jetour, Kia, Chevrolet, JAC, Hongqi және Skoda сынды алты әлемдік брендтің ресми дистрибьюторы және дилері. Бүгінде Allur Астана мен Алматы қалаларында 10 дилерлік орталыққа иелік етеді. 2023 жылы «Аллюр» компаниялар тобы мен Jetour бренді Қазақстанда Jetour автокөліктерін шығару туралы стратегиялық келісімге қол қойды. Миссия: Біз әрбір қазақстандық өз елінде өз мақсатына еркін әрі сенімді түрде жете алуы үшін кедергілерді жоямыз. Ұраны: Ерік бар жерде – жол бар.
Allur сандармен
Құрылған күні
12003 жылғы 15 сәуір
Қызметкерлер саны
5000-нан астам адам
Қаладағы өкілдіктер
Астана ⋅ Алматы ⋅ Костанай
розница мен өндіріс
Брендтер портфелі
6 Бренд
(Chevrolet, Kia, JAC, Jetour, Li, Skoda)
Біз Қазақстанның автоиндустриясында жаңа ырғақ орнатамыз.
Өндіріс Қостанай қаласында орналасқан. Allur зауыты – Қазақстандағы заманауи өнеркәсіптік өндірістің барлық талаптарына сай алғашқы кәсіпорын.
127 600 автокөлік/жылда
өндірістік қуаттылық
61%
өндіріс бойынша нарық үлесі

Allur бөлшек сауда желісі
Бүгінде Allur еліміздегі ең ірі дилерлік желіге ие және оны әрі қарай дамытуды жалғастыруда. Астана мен Алматы қалаларында компанияның 10 меншікті дилерлік орталығы, сондай-ақ еліміз бойынша 80-нен астам серіктес-дилері бар. Сонымен қатар, клиенттердің ыңғайлылығы үшін Allur Finance (екінші деңгейлі банктердің барлық автонесие бағдарламалары – «бір терезе» қағидаты бойынша) және Allur Trade-In (ескі автокөлікті жаңасына айырбастау) бағыттары жұмыс істейді.
Allur зауыты
Allur зауыты – Қазақстандағы ең ірі автокөлік өндіріс кәсіпорны, мұнда дәнекерлеу, бояу және құрастыру операциялары жүргізіледі. Брендтер портфелі: JETOUR, Kia, Chevrolet, JAC, Hongqi және Skoda. Бұл – елдегі барлық түрдегі автокөлік құралдарын өндіретін жалғыз кәсіпорын.
Құрылған күні
2010 жылғы мамыр
Қызметкерлер саны
3500-ден астам адам
Аумағы
356 000 кв.м.

